Accessibility links

БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Сирияға қатысты қарар жобасын талқылайды


БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сириядағы жағдайды талқылап отыр. Нью-Йорк, 27 сәуір 2011 жыл.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сириядағы жағдайды талқылап отыр. Нью-Йорк, 27 сәуір 2011 жыл.

Біріккен Ұлттар Ұйымның қауіпсіздік кеңесі бүгін Сирияға қатысты қарар жобасын талқылауға кіріседі. Бұл туралы БҰҰ-дағы Ұлыбритания елшісі Марк Лайал Грант мәлімдеді.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне Ұлыбритания, Франция, Германия және Португалия ұсынған құжатта Сирия билігінен наразылық білдірген халыққа қарсы зорлық-зомбылықты дереу тоқтатып, оппозициямен саяси диалог бастау туралы талап айтылған.

Британ елшісі қарар жобасына қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің осы құжатты қабылдауына мүмкіндік беретіндей өзгерістер енгізілгендігін айтты. Бұған дейін Ресей мен Қытай Сирия билігін айыптайтын қарар қабылдауға қарсы болып отырғаны хабарланған еді.

Сирияда билікке наразы жұрт пен үкімет күштері арасындағы тайталас бірнеше айға жалғасып отыр. Осы уақыт ішінде елде мыңнан астам адам қаза болған дейді құқық қорғаушылар.
XS
SM
MD
LG