Accessibility links

Италия Баттистиді бермеген Бразилияның үстінен сотқа шағымданбақ


Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттини.
Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттини.
Италия билігі әсіресолшыл экстремистік ұйымның бұрынғы мүшесі Чезаре Баттистиді беруден бас тартқан Бразилияның үстінен Гаага халықаралық сотына шағым түсірмекші. Бұл туралы Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттини мәлімдеді.

Кеше Бразилияның жоғарғы соты Баттистиді Италияға экстрадицияламау жөнінде елдің бұрынғы президенті Луис Инасио Лула да Сильваның шешімін негізді деп тауып, оны дереу босату туралы қаулы қабылдады.

1981 жылы Италия түрмесінен қашып кеткен Чезаре Баттисти 2007 жылы наурызда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ұсталған болатын. Италияның заң орындары 1970 жылдардың соңында жасалған төрт кісі өлтіру оқиғасына оның қатысы бар деп санайды. Баттисти өзіне тағылған ондай айыптарды жоққа шығарып, кінәсіз екендігін айтумен келеді.
XS
SM
MD
LG