Accessibility links

Шешен қызын өлтіргені үшін сотталып шыққан Юрий Будановты Мәскеуде атып кетті


Қастандықпен атып өлтірілген Юрий Будановтың денесі. Мәскеу, 10 маусым 2011 ж.

Қастандықпен атып өлтірілген Юрий Будановтың денесі. Мәскеу, 10 маусым 2011 ж.

Бүгін Мәскеу қаласының орталығында Ресей армиясының бұрынғы полковнигі Юрий Будановты белгісіз біреулер атып кетті.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша оқиға жергілікті уақытпен сағат 12-лер шамасында болған. Автокөліктен атылған 6 оқтың төртеуі Будановтың басына тиіп, ол сол жерде жан тапсырған.

Әскери полковник Юрий Буданов 18-жастағы шешен қызы Эльза Кунгаеваны өлтіргені үшін айыпты деп танылып, 2003 жылы сот үкімімен он жыл мерзімге түрме жазасына кесілген. Сот оны әскери атақ-шені мен барлық наградаларынан айырды.

Ал 2009 жылы қаңтарда Буданов мерзімінен бұрын шарты түрде бостандыққа шыққан еді.
XS
SM
MD
LG