Accessibility links

Каддафи режимі «әйелдерге жаппай зорлық-зомбылық жасаған» деп айыпталды


Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи (оң жақта) және оның ұлы Саиф әл-Ислам.

Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи (оң жақта) және оның ұлы Саиф әл-Ислам.

«Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиге бағынышты күштер көтерілісшілерге қарсы күрестің бір түрі ретінде әйелдерді жаппай зорлаған» деп мәлімдеді сәрсенбіде БҰҰ-да сөйлеген сөзінде халықаралық қылмыстық соттың бас прокуроры Луис Морено-Окампо.

Каддафи қауіпсіздік күштерінің әлгіндей қылмыстары туралы айғақ-дәлелдер барын хабарлаған бас прокурор оларға жыныстық қуатты күшейтетін арнайы дәрі берілгені жөніндегі деректердің тексеріліп жатқанын айтты.

Ливия үкіметі бұл мәлімдемеге байланысты әзір ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Өткен айда халықаралық қылмыстық сот Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиді, оның ұлы Саиф әл-Ислам мен Ливия сыртқы барлау қызметінің басшысы Абдолла ас-Санусиді тұтқындауға санкция берген еді.

Муаммар Каддафиге «адамзатқа қарсы қылмыс жасаған» деген айып тағып отырған халықаралық қылмыстық соттың заңды өкілеттігін Ливия үкіметі мойындамайды.
XS
SM
MD
LG