Accessibility links

Пәкістанда бүлікшілер шабуылынан бірнеше адам қаза болған


Пәкістанның Солтүстік Вазиристан аймағындағы үкіметтік қарулы күштер. 1 маусым 2011 жыл.

Пәкістанның Солтүстік Вазиристан аймағындағы үкіметтік қарулы күштер. 1 маусым 2011 жыл.

Бүгін таңсәріде Пәкістанның солтүстік-батысында, Ауғанстанмен шекаралас аймақта орналасқан Макин елді мекені жанындағы бақылау бекетіне қарулы тәліптер тобы шабуыл жасаған.

Пәкістан қауіпсіздік күштері өкілдерінің айтуынша, 100-ден аса қарулы бүлікшімен болған атыста пәкістандық 8 әскери қызметкер мерт болған. Ал шабуылдағандардан кемінде 10 адам қаза болған.

Соңғы кезде Пәкістанда тәліптердің қарулы шабуылдары үдеп кетті. Бақылаушылар мұны ауған-пәкістан шекаралық аймағында өздігінен ұшатын америкалық ұшақтардың бүлікшілерге әуеден соққы беруінің жиілеуімен байланыстарды.
XS
SM
MD
LG