Accessibility links

Сенат Ауғанстанға әскер жіберу туралы заң жобасын кері қайтарды


Қазақ парламентінің сыртқы көрінісі.
Қазақ парламентінің сыртқы көрінісі.
Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы - сенат бүгінгі отырысында «Қазақстан мен НАТО арасындағы Ауғанстандағы қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің қызметіне қатысу жөніндегі келісімді» ратификациялау туралы заң жобасын кері қайтарды.

«Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет бұл заң жобасын тұтастай қабылдамауды және оны мәжіліске қайтару туралы ұсыныс енгізеді», - деді күн тәртібіндегі мәселе бойынша қосымша баяндама жасаған сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев.

Оның айтуынша, қазақстандық әскерилердің шетелдегі операцияларға қатысу туралы мәселеге қатысты шешім тек «Қазақстан Конституциясына сәйкес, парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданады».

Мамырдың 18-інде парламенттің төменгі палатасы - мәжіліс депуттары аталмыш заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдаған еді. Арада төрт күн өткенде Рейтер агенттігі «Қазақстан Ауғанстанға әскер жіберсе, оның салдары қиын болатындығы» туралы тәліптердің ескерту жасағанын хабарлады.

Совет билігі кезінде Ауғанстандағы соғыс операцияларына қатысқан қазақстандықтар да мәжілістің шешіміне наразылық білдіріп, парламентті таратуға шақырған еді.
XS
SM
MD
LG