Accessibility links

Қытайдың «батыс терістікті ашу саясаты» Қазақстанды да аша ма?


Серік Мұратхан, қазақ блогшысы.
Серік Мұратхан, қазақ блогшысы.
Қытайдағы таралымы ең көп саналатын беделді газеттің бірі – «Қытай күнделік» газетінің жазуынша, Қытай үкіметі орта Азиядағы көрші ел Қазақстанға 3000 адамнан тұратын «тың жер игерушілерді» Қазақстандағы ақ жерді ашуға жөнелтуді іске асырмақ! Себебі Қытайда адам саны тым көп, жері аз, сондай-ақ кезекте халықаралық қоғамда астық тапшы.

Алда Қытай-Қазақстан үкіметтері Қазақстанның Алакөл ауданынан 7000 гектар (17 300 ағылшын муы) егістік жерді Қытай үкіметіне жалға беруге келісімге отырмақ. Келісім мерзімі осы жылғы көктемнен бастап, он жыл мерзімге созылады деп отыр. Бірақ май ақысына қалай келіскені жане қаншаға келіскені ашық емес. Батыс терістік Шыңжаң Іле облыстық ауыл шаруашылық мекемесінің орынбасары Сұлтан Досымханның айтуынша, мөлшермен 3000-дай қытай диқаны Қазақстаннан ашылатын тың жерге соя бұршақ және мал азығына керек жем-шөп егуге аттанатынын растап отыр.

Қазақстанмен шекаралас жатқан қазақтардың ата-мекені Іле аймағында қазір 1 миллион 700 мың дихан бар, алайда 266 600 гектар жер аздық етіп отырғаны жасырын емес. Бұл жердегі «жерсіз диқанның негізгі бөлігі қытайдың «батыс терістікті игеруді ашу» деп аталатын үлкен саясатымен Іле аймағын игеруге келген. Жалпы Қытай осы «батыс терістікті ашу» саясатын жүргізу арқылы батыс қытайдағы аз ұлттар қоныстанған районға жүз миллиондаған қытайды көшіріп қоныстандырып, аз ұлт қоныстанған аймақтарды толық басып алуды іске асырған болатын. Бірақ сол саясаттың ішіне тәуелсіз ел Қазақстанның да кіретінін кім ойлаған? «Қытай күнделік газеті» «Қазақстан – Қытаймен шекара ұзындығы 1500 км келетін, жан саны сирек ел. Соңғы кезде қытай-қазақ үкіметінің өзара келісімімен бірсыпыра мәселелерді шешу үстінде. Қытайда адам саны 1 миллиард 500 миллионға жетіп отыр. Халық адам санының артуына байланысты Қытай өзін астықпен қамдауы қиындап отырғаны белгілі. Осы жағдайды шешу үшін Қытай көсемі Хужинтау өткен жылы Астанаға келіп екі ел арасында өзара ынтымақтастыққа жеткізетін көптеген келісімдерге қол қойылып, экономикасы ұшқан құстай дамып энергия мен астыққа деген мұқтаждықты шешу үшін нәтижелі келіссөздер жүргізіп келді дейді.

Қош, қытайлардың біз көріп қалған басылымы осылай деп қол шапалақтап, «Қазақстанды ашатынына» қуанып мақала жазып, жалпақ әлемге жар салып жатқанда Қазақстан басылымдары Үржар ауданына келген сегіз қытайдың соңына түсіп шуылдап, шұрқырап жатыр. Бірақ қалған 2992 қытайдың Қытайдан кеткен ізі бар да, қайтқан ізі жоқ. Қытай жағы ешкімнен жасырмай жазып жариялап жатса да, Қазақстан үкіметі «қытайға жер бермедік» дегеннен таймай отыр. Сонда қай жақ халықты алдап отыр? Қазақ даласының асты-үстіндегі байлығы саудаға түсіп, сатылып, ілікке алар жері жекешеленіп болып еді. Енді азуды жерге басқа емес, алып айдаһар салып отыр. Қара орман қазақтың бар үлесінен айрылып, енді ата-баба жерін де Қытайға бөлшектеп беріп, қол қусырып, сол Қытайға жалшы, қосшы болу ғана қалғаны ма?

http://kokjal83.wordpress.com
XS
SM
MD
LG