Accessibility links

Польшаның экс-президенті Лех Валенса ауруханаға түсті


Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса.
Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса.
Польшаның бұрынғы президенті, әйгілі «Солидарность» қозғалысының негізін қалаушы әрі жетекшісі болған Лех Валенса өзінің туған қаласы Гданьскде ауруханаға түскен.

Оның диагнозы туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ, алайда жергілікті телеарна 67 жастағы қайраткердің дене қызуы көтеріліп сәрсенбі күні ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Ол басқарған «Солидарность» қозғалысы 1980-жылдары Польшада коммунистік жүйенің құлауына себеп болды. Азаттық жолындағы күресі үшін Лех Валенсаға 1983 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығы берілді.

Коммунистік кезеңнен кейін, 1990 жылы тұңғыш рет бүкілхалықтық сайлауда Польша президенті болып сайланған Лех Валенса ол қызметті 1995 жылға дейін атқарды.
XS
SM
MD
LG