Accessibility links

БҰҰ-ның өкілі Сирия билігін «өз халқына қарсы шабуылды» тоқтатуға шақырды


БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі басқармасының басшысы Нави Пиллай.
БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі басқармасының басшысы Нави Пиллай.
БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі басқармасының басшысы Нави Пиллай бүгін Женевада сөйлеген сөзінде Сирия билігін «өз халқына қарсы шабуылды» тоқтатып, елдегі жағдайды саралау үшін БҰҰ-ның сарапшыларын кіргізуге рұқсат беруге ресми Дамаскіні тағы да шақырды.

Нави Пиллайдың айтуынша, БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі басқармасына жеткен деректер бойынша, президент Башар әл-Асадтың билігіне қарсы наурыз айынан бері жалғасып жатқан шеруді басып-жаншу кезінде елде 1100-ден аса адам құрбан болып, ұсталғандардың саны 10 мыңға дейін жеткен.

Соңғы күндері бір жарым мыңнан астам тұрғын биліктің жазалауынан қорқып Түркияға бассауғалап барған. Пиллай Сириямен көрші елдерді президент Асадтың режимінен қашып баратын босқындар үшін шекараны ашық ұстауға шақырды.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі басқармасының басшысы Нави Пиллай үкіметке қарсы шеруге шыққандарды басып-жаншыған Сирия билігінің ісін бұған дейін де бірнеше рет айыптаған еді.
XS
SM
MD
LG