Accessibility links

Әлем державалары Иранды «сындарлы диалогқа» шақырды


Иранның «Бушер» атом электр станциясы. 20 тамыз 2010 ж.

Иранның «Бушер» атом электр станциясы. 20 тамыз 2010 ж.

АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Ресей және Қытай мемлекеттері Иран билігін ядролық бағдарламасына қатысты «сындарлы диалог» өткізуге шақырды.

Алты мемлекеттің атынан жазылған бірлескен мәлімдемеде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты аса маңызды «түйткілді мәселелер ядролық қаруға ие болуына жол бермейтіндей тұрғыда шешілуі керектігі» айтылған.

Бұл мәлімдеме халықаралық атом қуаты жөніндегі агенттіктің бүгін Венада өтіп жатқан отырысында қабылданды.

Осының қарсаңында Иран 20 пайызға дейін байытылған уран өндірісін осы жылдың соңына дейін үш есе көбейтуге ниеті барын жариялаған еді.
XS
SM
MD
LG