Accessibility links

Қырғызстан былтырғы маусым оқиғалары құрбандарын еске алып жатыр


2010 жылғы маусым оқиғалары құрбандарына қойылған «Қос ананың көз жасы» ескерткіші. Ош, 9 маусым 2011 жыл.

2010 жылғы маусым оқиғалары құрбандарына қойылған «Қос ананың көз жасы» ескерткіші. Ош, 9 маусым 2011 жыл.

Бүгін Қырғызстанда 2010 жылы маусымда Ош және Жалал-Абад облыстарындағы оқиғаларда қаза болғандарды еске алу шаралары өтеді.

Осыдан тура бір жыл бұрын елдің оңтүстігінде ұлтаралық қақтығыстар басталған еді.

Бүгін Ош қаласында өтетін негізгі шараларға Қырғызстан президенті Роза Отынбаева және өзге де жоғары лауазымды адамдар қатысады.

Маусымның басынан бері Ош қаласында спирттік ішімдіктер сатуға және көңіл көтеретін ойын-думандар өткізуге тыйым салынған. Қалаға әскери техникасы бар қарулы сарбаздар енгізілген.

Қырғызстанның Ош және Жалал-Абад облыстарында былтыр маусымның 10-14 күндері аралығында ұлтаралық қақтығыстардан, ресми деректер бойынша, 435 адам мерт болып, екі мыңға жуығы жараланған.
XS
SM
MD
LG