Accessibility links

АҚШ арнайы күштері Йеменде «әл-Қаида» белсенділеріне соққы берді


АҚШ-тың өздігінен ұшатын «Предатор» ұшағы.

АҚШ-тың өздігінен ұшатын «Предатор» ұшағы.

АҚШ арнайы күштері өткен аптада Йеменде «әл-Қаида» ұйымымен байланысы бар нысандарға әуеден соққы берді деп хабарлайды «Ассошейтед пресс» агенттігі АҚШ үкіметіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Аты-жөнін атамаған ол адамның айтуынша, операция барысында «әл-Қаида» ұйымының Әбу Әли әл-Харити мен тағы бірнеше белсендісінің көзі жойылған.

АҚШ арнайы күштері соңғы бір ай көлемінде Йемендегі «әл-Қаида» белсенділеріне осымен екінші рет соққы беріп отыр. Бұған дейін мамырдың 5-і күні өздігінен ұшатын ұшақтағы ақау салдарынан «әл-Қаида» ұйымының белді мүшесі, АҚШ тумасы Әнуар әл-Авлакидің құтылып кеткені туралы ақпарат тараған еді.
XS
SM
MD
LG