Accessibility links

Клинтонның Дүниежүзілік банк басшылығына баратыны туралы хабарды кеңесшісі растамады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон (ортада) Ливия бойынша халықаралық байланыс тобының отырысында. Әбу-Даби, 9 маусым 2011 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон (ортада) Ливия бойынша халықаралық байланыс тобының отырысында. Әбу-Даби, 9 маусым 2011 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның Дүниежүзілік банкті басқаруға баратыны туралы тараған ақпаратты оның жақын кеңесшісі Филип Райнс жоққа шығарды.

«Клинтон ондай мәселеге қатысты ешқандай келіссөздер өткізген емес» деп мәлімдеді Филип Райнс.

Осының қарсаңында Рейтер агенттігі алдағы жылы Клинтон қазіргі қызметінен кетіп, Дүниежүзілік банктің басшысы болып бармақшы деген ақпарат таратқан еді. Ол банктің қазіргі басшысы Роберт Зелликтің өкілеттігі 2012 жылдың ортасында аяқталады.

Бұған дейін «Франс пресс» агенттігі де Дүниежүзілік банктегі дерек көзіне сілтеме жасап, осы халықаралық ұйым басшысы қызметіне Хиллари Клинтонның кандидатурасы қарастырылып жатқанын хабарлаған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ел президенті Барак Обаманың қазіргі қызмет мерзімі аяқталған соң өзінің бұл жұмыстан кететіні туралы осыған дейін көпшілік алдында бірнеше рет мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG