Accessibility links

Ресей және Еуропа одағы саммиті журналистерден жабық өтіп жатыр


Солдан оңға: Ресей президенті Дмитрий Медведев, Еврокомиссия басшысы Жозе Мануэль Баррозу және Еуропалық кеңес төрағасы Герман ван Ромпей. Нижний Новгород, 9 маусым 2011 жыл.
Солдан оңға: Ресей президенті Дмитрий Медведев, Еврокомиссия басшысы Жозе Мануэль Баррозу және Еуропалық кеңес төрағасы Герман ван Ромпей. Нижний Новгород, 9 маусым 2011 жыл.
Ресейдің Нижний Новгород қаласында Еуропа одағы мен Ресейдің қатысуымен саммит өтіп жатыр.

Саммиттің бүгін басталған ресми бөліміне журналистерді қатыстырмады.

Ресей президенті Дмитрий Медведев Еуропалық кеңес төрағасы Герман ван Ромпеймен және Еврокомиссия басшысы Жозе Мануэль Баррозумен жабық келіссөздер өткізген соң баспасөз мәслихаты жоспарланған.

Саммитте Ресейдің еуропалық кейбір мемлекеттерде, соның ішінде әсіресе Германияда жұқпалы ішек дертінің тарауына байланысты Еуропа одағы елдерінен жас көкөніс импортына салған тыйымы туралы да сөз болуы мүмкін.

Еуропада осы кезге дейін әлгі дерттен 30-ға жуық адам көз жұмды.

Сонымен бірге Нижний Новгородтағы саммитте Еуропа одағының виза саясаты және дүниежүзілік сауда ұйымына Ресейдің мүше болуға деген өтініші де қаралмақшы.
XS
SM
MD
LG