Accessibility links

E.coli дертіне асбұршақ себеп болуы мүмкін деген күдік күшейіп отыр


Неміс мамандары E.coli жұқпалы вирусын көрсетіп тұр. Ганновер, 1 маусым 2011 ж.
Неміс мамандары E.coli жұқпалы вирусын көрсетіп тұр. Ганновер, 1 маусым 2011 ж.
Германияның солтүстігінде Е.coli штамы қоздыратын өте қауіпті жұқпалы ішек дертінің шығуына асбұршақтың немесе үрме бұршақтың балауса сабақтары себепкер болуы мүмкін деген күдік күшейіп отыр.

Германиядағы жұқпалы аурулардың таралуын бақылау институтының жетекшісі Райнхард Бургер аталған өсімдіктерді зерттеу нәтижелеріне сүйеніп бүгін осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, қияр, қызанақ және өзгедей көкөніс түрлерінен дерттің жұғу қаупі барын дәлелдейтін деректер болмаған.

Қазіргі кезге дейін шыққан түп-төркіні белгісіз қауіпті дертке үш мыңнан аса кісі шалдығып, 29 адам көз жұмған. Әу баста дерттің шығуына Испаниядан әкелінген қияр себеп болған деген ақпарат тарағанымен, кейіннен ол дәлелденбеді.

Осының алдында E.coli бактериясының жаңа түрі Нидерландыда қызылша өнімдерінен табылғаны туралы хабарланды.
XS
SM
MD
LG