Accessibility links

Сирия әскері елдің солтүстігінде ірі операция бастады


Сирия әскери күштері Дараа қаласында. 5 мамыр 2011 жыл.

Сирия әскери күштері Дараа қаласында. 5 мамыр 2011 жыл.

Сирия әскері елдің солтүстігіндегі Джиср-эш-Шугур қаласында ірі операция бастады деп хабарлайды елдің мемлекеттік ақпарат құралдары.

Әскери операцияға 30 мыңға жуық сарбаз бен әскери техника жұмылдырылған. Сирия билігі Түркиямен шекаралас аймақта орналасқан бұл қаланы «қарулы экстремистердың бекінісі» деп атап, өткен аптада олардың қолынан «120-дан аса полицей мен қауіпсіздік қызметінің адамдары қаза болғанын» мәлімдеген еді.

Қазір Сирияның солтүстігінен бас сауғалаған босқындар Түркияға өтіп жатыр. Түркия сыртқы істер министрлігінің деректері бойынша, ол елге Сириядан барған босқындар саны 2,5 мыңнан асқан.

Бүгін Сирияның бірқатар қалаларында оппозицияны жақтаушылар ел президенті Башар әл-Асадтың биліктен кетуін талап етіп шеруге шықпақ.
XS
SM
MD
LG