Accessibility links

Ливия оппозициясына бір миллиард доллардан аса жәрдем беріледі


Ливия бойынша халықаралық байланыс тобының отырысындағы жазу. Әбу-Даби, 9 маусым 2011 жыл.
Ливия бойынша халықаралық байланыс тобының отырысындағы жазу. Әбу-Даби, 9 маусым 2011 жыл.
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында Ливия бойынша халықаралық байланыс тобының кезекті отырысында Ливия оппозициясына бір миллиард доллардан астам көмек беру туралы шешім қабылданды.

Италия мен Франция Ливия оппозициясының өтпелі ұлттық кеңесіне жалпы көлемі 1,02 миллард доллар беруге уәде етті. Кувейт пен Қатар елдері көтерілісшілерге жәрдем қорына 280 миллион доллар бөлетіндерін мәлімдеді.

Австралия мен АҚШ оппозицияның өтпелі ұлттық кеңесіне Ливия халқының "заңды өкілі" деп танитынын айтты.

Ливия бойынша халықаралық байланыс топ құрамына кіретін Батыс мемлекеттері мен араб елдерінің өкілдері Муаммар Каддафи биліктен кеткен соң Ливияның болашағы қалай болатынын кеңесті.
XS
SM
MD
LG