Accessibility links

Кабардин-Балкар елінде алты бүлікші өлтірілген


Нальчик қаласына кіретін жол бойындағы бақылау-тексеру бекеті. Кабардин-Балкар республикасы, 26 ақпан 2011 ж.

Нальчик қаласына кіретін жол бойындағы бақылау-тексеру бекеті. Кабардин-Балкар республикасы, 26 ақпан 2011 ж.

Ресейдің құрамындағы Кабардин-Балкар республикасында арнайы операция барысында алты бүлікшінің көзі жойылды деп хабарланды.

Құқық органдарынан бір адам қаза болып, бесеуі жараланған.

Арнайы операция Эльбрусс ауданындағы Нейтрино кентінде жүргізілген.

Билік орындары қаза болған бүлікшілердің аты-жөнін анықтап жатыр.
XS
SM
MD
LG