Accessibility links

Ауғанстан президенті Пәкістанға келді


Ауғанстан президенті Хамид Қарзайды (сол жақта) Пәкістанның спорт министрі Шаукатулла қарсы алып тұр. Чаклала әуе базасы, Равалпинди, Пәкістан. 10 маусым 2011 ж.

Ауғанстан президенті Хамид Қарзайды (сол жақта) Пәкістанның спорт министрі Шаукатулла қарсы алып тұр. Чаклала әуе базасы, Равалпинди, Пәкістан. 10 маусым 2011 ж.

Ауғанстан президенті Хамид Қарзай бүгін екі күндік сапармен көршілес Пәкістанға келді.

Бұл сапарында ауған жетекшісі Пәкістан басшылығымен тәліптерге қарсы күресте екі мемлекеттің бірлесіп іс-қимыл жасау жайын талқылайды.

Хамид Қарзай осы жолы Пәкістан президенті Асиф Әли Зардаримен және премьер-министрі Саид Юсуф Риза Гиланимен кездесіп келіссөздер жүргізеді.

Сонымен бірге ол Ауғанстанның ішкі жанжалын бейбіт жолмен реттеу мәселесі бойынша екіжақты комиссияның отырысына қатысады.
XS
SM
MD
LG