Accessibility links

Еуропалық кеңес басшысы Ресейдегі адам құқығы жайына алаңдаушылық білдірді


Солдан оңға: Еуропалық кеңес төрағасы Герман ван Ромпей, Ресей президенті Дмитрий Медведев және Еврокомиссия басшысы Жозе Мануэль Баррозу баспасөз мәслихатында. Нижний Новгород, 10 маусым 2011 жыл.

Солдан оңға: Еуропалық кеңес төрағасы Герман ван Ромпей, Ресей президенті Дмитрий Медведев және Еврокомиссия басшысы Жозе Мануэль Баррозу баспасөз мәслихатында. Нижний Новгород, 10 маусым 2011 жыл.

Ресейдегі адам құқығының ахуалы Еуропалық одақ үшін алаңдаушылық туғызатын мәселе болып қалып отыр. Бұл туралы бүгін Ресейдің Нижний Новгород қаласында Еуропа одағы мен Ресейдің қатысуымен өткен саммиттен кейін журналистерге Еуропалық кеңес төрағасы Герман ван Ромпей мәлімдеді.

Ол Ресей алдағы өтетін парламент және президент сайлауларына Еуропа одағынан бақылаушылар шақырады деп үміттенетінін айтты.

Еурокомиссия басшысы Жозе Мануэл Баррозу Ресейге модернизация ісіне екі миллиард доллар бөлінетіні және бұл модернизация тек технологияны ғана емес, сонымен бірге қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтуы тиіс екендігі туралы тараптардың келіскендігін хабарлады.

Сонымен бірге бүгінгі саммитте Еуропа одағы елдерінен жас көкөніс импортына салған тыйымына қатысты мәселе талқыланған. Президент Дмитрий Медведев Еуропа одағы кепілдік берсе Ресей ол тыйымды алып тастауға әзір екендігін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG