Accessibility links

HRW Астананы өзбек босқындарын еліне тапсырғаны үшін сынады


Өзбек босқындары Алматыдағы сот отырысы барысында. 11 наурыз 2011 жыл.

Өзбек босқындары Алматыдағы сот отырысы барысында. 11 наурыз 2011 жыл.

Human Rights Watch ("Хьюман Райтс Уотч") ұйымы 30-ға жуық өзбек босқынын Ташкентке тапсырғаны үшін Қазақстанды сынады. Адам құқықтарын қорғаушы халықаралық ұйымның айтуынша, Өзбекстанға қайтарылған босқындарға "азаптап, қинау қаупі төніп тұр".

Аталмыш ұйымның Еуропа мен Орталық Азия бойынша директорының орынбасары Рэчел Денбер Астананың өзбек босқындарын экстрадициялау жөніндегі шешімін "жантүршігерлік" деп атап, ол аймақ үшін "қорқынышты жағдай" қалыптастырады деп атап көрсетті. Денбер халықаралық қауымдастықты Қазақстанның әрекетін айыптауға шақырды.

"Діни көзқарасымыз үшін қудалануымыз мүмкін" деп қауіптеніп елден қашып кеткен босқындарға өзбек билігі "мемлекетке қарсы әрекет жасады" деген айып тағып отыр.

Қазақстан былтырғы маусым айынан бері қамауда болған 29 өзбек мұсылман-босқынын бейсенбі күні Өзбекстанға экстрадициялады.
XS
SM
MD
LG