Accessibility links

АҚШ Сирияны шерушілерді қудалағаны үшін айыптады


Президент Башар әл-Ассадқа қарсы шерулер. 10 маусым 2011 жыл. Сурет youtube сайтынан алынды.

Президент Башар әл-Ассадқа қарсы шерулер. 10 маусым 2011 жыл. Сурет youtube сайтынан алынды.

Ақ үй БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияға қатысты қарар жобасын қолдап, Дамаскінің наразылық танытушыларды басып-жаншуын айыптады.

Осыдан бір күн бұрын Сирия күштері елдің солтүстік-батысындағы қалада алғашқы рет наразылық танытушыларды тікұшақтардан атқылады деген ақпарат шыққан болатын. Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, Маарат әл-Нумаанда қаруланған "лаңкестік топтар" полиция ғимараттарын өртеп, қауіпсіздік күштерінің мүшелерін өртеген.

Еуропа елдері әзірлеген қарар жобасында Сирия үкіметінің шерушілерге жасаған зорлық-зомбылық әрекеттері айыпталған.

Сирияда президент Башар әл-Ассад режиміне қарсы шерулер жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG