Accessibility links

АҚШ елшіліктеріне шабуыл жасаған деген күдікті өлтірілді


Ресми хабарларға қарағанда, 1998 жылы 200 адамның өмірін қиған Кения мен Танзаниядағы АҚШ елшіліктеріне қарсы террорлық шабуылды жасаушы деп күдіктелген адамды Сомали күштері Могадишуда өткен аптада атып өлтірген.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сенбі күні Танзанияға барған сапарында бұл жаңалықты оң қабылдап, соншама көп адамның өмірін қиып, бейбіт адамдарға ауыртпалық әкелген террористтің көзі жойылды деді.

Бұл осымен соңғы алты аптада әл-Қаидаға берілген үшінші соққы болды. Мамырдың 2-де, терроршылар жетекшісі Усама бин Ладен өлтірілсе, одан кейін 2008 жылғы Мумбай шабуылдарының артында тұр делінген әл-Қаиданың тағы бір жетекшісі Ильяс Кашмири өлтірілген.

Сомали билігінің өкілдері Фазулдың маусымның 7-де бақылау бекетіндегі атыста оққа ұшқанын айтып, өлтірілген нақты сол екені ДНК арқылы дәлелденді деді.
XS
SM
MD
LG