Accessibility links

Шабуылдан қорғанған 4 мың сириялық Түркияға өтіп кетті


Сириялық босқындар Түркиямен шекаралас қаладағы лагерге жиналды. 10 маусым,2011
Сириялық босқындар Түркиямен шекаралас қаладағы лагерге жиналды. 10 маусым,2011
Түркия билігі өз шекарасына 4 мыңнан аса сириялық өткенін хабарлады. Сириядағы әскери қақтығыстан қорғанған Идлиб провинициясының 10 мыңнан көп тұрғыны шекара маңына жиналып, шатырларда тұрып жатыр.

Олар өз аймақтарында үкіметтік қауіпсіздік күштерінің 120 жасағы өлтірілгеніне байланысты кек қайтару шабуылы болады деген қауіппен Сириядан қашып жатқанын айтты.

Босқындар мен адам құқын қорғаушы топтар ол жасақтарды бейбіт халыққа оқ атудан бас тартқан қызметтестері атты деген.
XS
SM
MD
LG