Accessibility links

Сирия күштері Жиср әл-Шугур қаласына енді


Сирияның қауіпсіздік күштері Хомс қаласының орталығында адамдарды соғып жатыр.

Сирияның қауіпсіздік күштері Хомс қаласының орталығында адамдарды соғып жатыр.

Сирияның мемлекеттік телеарнасы хабарлағандай, үкімет жасақтары елдің солтүстік-шығысындағы қарулы топтардың қолындағы қалаға кірді. Бұл наурыз айынан бері президент Башар әл-Ассад билігіне қарсы болып жатқан жаппай наразылықтарды үкіметтің күшпен басып жатқан шараларының бірі болып отыр.

Соңғы күндері Жиср әл-Шугур қаласы қақтығыстар ортасына айналған. Сирия билігі қарулы топтар өткен аптада 120 қауіпсіздік қызметкерін өлтірді деп айтты. Бұл аймақтан босып кетіп жатқан сириялықтар мен адам құқын қорғаушы топтардың айтуынша, қаладағы әскерлердің өзара қақтығысы кейбір жасақтар бейбіт халыққа қарсы оқ атудан бас тартқан соң басталған.

Адам құқын қорғаушы топтардың мәлімдеуінше, үкіметтің шерушілерді басып-жаншуынан бір мыңға жуық адам қаза тапты. Мыңдаған сириялық көрші елдерге бас сауғалап кетті. Түркия билігі өз шекарасына 4 мыңнан аса сириялық өткенін хабарлады.

Сириядағы әскери қақтығыстан қорғанған Идлиб провинициясының 10 мыңнан көп тұрғыны шекара маңына жиналып, шатырларда тұрып жатыр. Олар өз аймақтарында үкіметтік қауіпсіздік күштерінің 120 жасағы өлтірілгеніне байланысты кек қайтару шабуылы болады деген қауіппен Сириядан қашып жатқанын айтты.
XS
SM
MD
LG