Accessibility links

Қамаудағы ирандық журналист Реза Хода Сабер қайтыс болды


Теһранның Евин түрмесінде аштық акциясын жариялаған журналист Реза Хода Сабер 10-шы күні өліп кетті.
Теһранның Евин түрмесінде аштық акциясын жариялаған журналист Реза Хода Сабер 10-шы күні өліп кетті.
Иранның оппозициялық вебсайттары хабарлағандай, қамауда отырған белгілі журналист әрі құқық қорғаушы Реза Хода Сабер өмірден өтті. 10 күн аштық акциясын өткізіп жатқан журналист жүрек ауруынан көз жұмған.

Сабер осыдан туралы екі жыл бұрын Иранда өткен президенттік сайлаудан кейін қамалған болатын. Елдің исламшыл билігі үкіметке қарсы шерушілерді күшпен басып, қарсыластарын қамауға алған.

Сабер жақында ғана түрмеден босағанда жүрек ауруынан кеткен демократияшыл белсенді Халех Сахабидің өлімінен кейін аштық акциясын бастаған.

50 жастағы Реза Хода Сабер 2009 жылғы қамаудан бұрын да абақтыға отырып шыққан.
XS
SM
MD
LG