Accessibility links

Сирия: адамдар топтап жерленген көр табылды


Башар әл-Асад, Сирия президенті. Тегеран қаласы. 19 тамыз 2009 жыл.

Башар әл-Асад, Сирия президенті. Тегеран қаласы. 19 тамыз 2009 жыл.

Сирияның солтүстік-шығысындағы Жиср аш-Шуғур қаласында үкімет күштері адамдар топтап жерленген көрді тапты.

Көрге ондаған қауіпсіздік күштері қызметкерлері көмілген.

Ресми мәліметтерге қарағанда, өткен аптада осы қалада қарулы шабуыл салдарынан 120 полицей қаза тапқан. Жексенбі күні Сирия әскері танк пен тікұшақтардың қолдауымен Жиср аш-Шуғур қаласын бақылауды қолға алған болатын.

Осы операция кезінде үш адамның қаза тапқаны хабарланды. Оның біреуі әскери қызметкер, екеуі қарулы адамдар болған.

Бес мыңнан аса тұрғын әскерден қашып, Түркия шекарасына қарай ойысқан.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирия президенті Башар әл-Асадты халық талабына құлақ асуға шақырды.
XS
SM
MD
LG