Accessibility links

Қытай полициясы наразы жұртты таратты


Қытай қауіпсіздік күштерінің қарулы қызметкерлері. 16 шілде 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытай қауіпсіздік күштерінің қарулы қызметкерлері. 16 шілде 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытайдың оңтүстігінде полиция өткен түнде мигранттармен нашар қарым-қатынас жасағанға наразылық танытып, полиция мен өрт сөндіру басқармасының көліктерін өртеп жіберген топты көзден жас ағызатын газбен атып таратты.

Куәлардың айтуларынша, бұл әрекетке Қытайдың Гуандун провинциясы Синьтан қаласында үш күннен бері жалғасып жатқан қарсылық себеп болған.

Қытай мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, бұл наразылыққа көшедегі сатушыны - екіқабат әйелді полицейдің тілдегені себеп болған.

Қарсылық көрсетуге байланысты тараған қауесетті сейілту үшін бұл аймаққа бірнеше шенеунік аттанып кетті деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Қытайда соңғы кездері полиция мен наразы азаматтар бірнеше рет қақтығысты деген хабар бар.
XS
SM
MD
LG