Accessibility links

Бен Әлидің соты 20 маусымда басталады


Египет пен Тунистің бұрынғы президенттері Хосни Мүбәрәк (сол жақта) пен Зин әл-Абедин Бен Әли. 10 қазан 2010 жыл

Египет пен Тунистің бұрынғы президенттері Хосни Мүбәрәк (сол жақта) пен Зин әл-Абедин Бен Әли. 10 қазан 2010 жыл

Тунисте 20 маусым күні бұрынғы президент Зин әл-Абедин Бен Әлиге қарсы сот басталады.

Биыл қаңтар айында Сауд Арабиясына бас сауғалап қашқан ол сырттай сотталмақ.

Тунис премьер-министрі Беджи Қаид-Ассебсидің айтуынша, Бен Әлиді қайтару жөнінде сұрауға Сауда Арабиясы жауап бермеген.

Елдің бұрынғы президентінің үстінен "мемлекетке қарсы әрекет етті", "есірткі тасымалына қатысты" деген және басқа да бірнеше айып тағылып отыр.

Оның әйелі Ләйла Трабелсиге де айыптар тағылған.

Бен Әлидің адвокаты барлық айыптарды жоқа шығарып, сотты "маскарад" деп атады.

Тунистен Бен Әли кеткен соң басқа да араб елдерінде халық бас көтерген еді.
XS
SM
MD
LG