Accessibility links

БҰҰ Сирия жөнінде бір тоқтамға келе алмай отыр


Президент Башар әл-Асадтың биліктен кетуін талап етіп көшеге шыққан сириялықтар. Taл калах, 10 маусым 2011 жыл
Президент Башар әл-Асадтың биліктен кетуін талап етіп көшеге шыққан сириялықтар. Taл калах, 10 маусым 2011 жыл
Біріккен Ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесі Сирия жөніндегі хаттаманы қабылдауда бір тоқтамға келе алмай отыр.

Хаттамаға келіспейтін Қытай мен Ресей өкілдері 11 маусымда өткен Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің кездесуіне қатысқан жоқ.

Құжат ауторлары енді Қытай мен Ресейге ықпал ету үшін Бразилия, Оңтүстік Африка және Үндістанның қолдауын күтеді.

Хаттамаға қарсылар бұл құжат қабылданса, ол Ливиядағыдай Батыстың әскери басқыншылығына себеп болады деп есептейді.

Британия, Франция, Германия және Португалия хаттама жобасын ұсынған болатын. Онда шерушілерді қанға бөктірген Башар әл-Асад режимі айыпталып, билік қарсыластарымен келісімге келуі керектігі айтылған. Құжатта Сирияға санкция жариялау мәселесі қарастырылмаған.
XS
SM
MD
LG