Accessibility links

Дағыстанда имам оққа ұшты


Солтүстік Кавказ картасы. (Көрнекі сурет)

Солтүстік Кавказ картасы. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Дағыстан республикасындағы мешіт имамы бүгін оққа ұшты.

Ресейлік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ашурулав Курбановтың мәйіті Кизляр ауданындағы Михеевка ауылындағы мешіт жанынан табылған.

Дағыстандағы бүлікшілер діни тұлғаларды жиі нысанаға алады. Осы айдың басында Махачкалада ислам теологиялық институтының жетекшісі өлтірілген болатын.
XS
SM
MD
LG