Accessibility links

19 тамызда Қазақстан сенатының сайлауы өтеді


Қазақстан сенатының сайлауы 19 тамызда өтетін болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев тиісті жарлыққа қол қойған.

Бұл турасында сәрсенбі күні ресми ақпарат құралдары хабарлады.

" Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыс­тардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сай­лау­ын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын" делінген жарлықта.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG