Accessibility links

Астанада ШЫҰ саммиті өтіп жатыр


Ақорда
Ақорда
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр. Бұл ұйымның құрылғанына 10 жыл толды.

Оған Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдері мүше. Басқосуға Ауғанстан президенті Хамид Карзай қонақ ретінде қатысады. Ал Иран президенті Махмуд Ахмадинежад пен Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари саммитке бақылаушы ретінде келген.

Астанадағы саммит барысында қауіпсіздік пен сауда мәселелеріне қатысты ынтымақтастық талқыланып жатыр.
XS
SM
MD
LG