Accessibility links

АҚШ үкіметі Өзбекстан жоғарғы сотының шешімімен Ташкенттегі Human Rights Watch ұйымы кеңсесінің жабылуына байланысты алаңдаушылық танытты.

Мемлекеттік департамент баспасөз хатшысы Марк Тонердің мәлімдеуінше, Human Rights Watch сияқты халықаралық үкіметтік емес ұйымдар әлемде маңызды роль атқарады. "Вашингтон адам құқықтары жөніндегі бұл ұйымның Өзбекстанда жұмыс істей алмайтынына өкінеді", - деді Тонер.

Бірнеше жылдан бері Human Rights Watch-тың жұмысына кедергі жасап келген Өзбекстан билігі наурыз айында аталмыш ұйымды тіркемей қойған болатын.
XS
SM
MD
LG