Accessibility links

Грекияда жалпыұлттық наразылық шарасы өтіп жатыр


Грекия парламенті жанында наразылық танытып тұрған белсенді. 15 маусым 2011 жыл.
Грекия парламенті жанында наразылық танытып тұрған белсенді. 15 маусым 2011 жыл.
Грекияның ең ірі кәсіподақтары қарызға батқан ел үкіметінің қатаң шара қолдану әрекеттеріне наразылық білдіріп жатыр.

Мыңдаған белсенділер мен кәсіподақ мүшелері бүгін Афиныдағы парламент ғимараты алдында жиналды. Грекия заңшығарушылары экономиканы құтқару үшін салықтарды көбейтіп, мемлекеттік қызметтерде жұмыс орындарын қысқарту жоспарын талқылайды. Бұл шара Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қорынан қосымша қаржы сұрау үшін қолға алынбақшы.

Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қоры Грекияға миллиардтаған еуро көлемінде көмек көрсету үшін бұл елден бюджет дефицитімен күресуді талап еткен болатын.
XS
SM
MD
LG