Accessibility links

"Жаңа соғыс болмасын" акциясын бастағандар 112 мың қол жинаған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстандық күштердің Ауғанстанға жіберу жоспарына қарсылық танытып, парламентті таратуды талап еткен ауған соғысының ардагерлері 112 мың қол жинағандарын хабарлады.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің мәліметінше, "Жаңа соғыс болмасын" акциясын бастаған ардагерлер екі аптаның ішінде осыншама адамның қолдауына ие болғандарын мәлімдеген.

Мамырдың 18-інде парламенттің төменгі палатасы - мәжіліс депуттары Ауғанстанға әскер жіберу туралы заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдаған еді. Маусымның 9-да Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы - сенат аталмыш заң жобасын кері қайтарды.

Қазақстан парламенті қос палатасының бірлескен отырысы маусымның 20-сына шақырылған.
XS
SM
MD
LG