Accessibility links

Назарбаев Рахат Әлиевті Қазақстанға қайтаруды тапсырды


Рахат Әлиев (сол жақта) пен Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада сөйлесіп тұр. Сурет Рахат Әлиевтің "Өкіл қайын ата" кітабынан алынды. Aстана. 2001жыл.
Рахат Әлиев (сол жақта) пен Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада сөйлесіп тұр. Сурет Рахат Әлиевтің "Өкіл қайын ата" кітабынан алынды. Aстана. 2001жыл.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың және "Нұрбанк" топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің өліміне қатысты қылмыстың істің қортындысымен танысты.

Президенттің баспасөз қызметі сәрсенбі күні осылай деп хабарлады. Бұл турасында Назарбаевқа бас прокурор Асхат Дауылбаев пен ішкі істер министрі Құлмұханбет Қасымов баяндаған.

Бас прокурордың айтуынша, осы іске айыпты деп танылған Рахат Әлиевті экстрадициялау туралы мәселе қойылып отыр.

Президент Назарбаев Рахат Әлиев бас сауғалап жүрген Австрияның Қазақстанның үлкен экономикалық қарым-қатынастар орнатқан әріптесі екендігін айтқан. «Енді Австрия билігінің әділдік салтанат құруы үшін қылмыскерлерді бермеуге дәлелдері жоқ. Істі аяғына дейін жеткізуіміз керек»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Назарбаев бас прокуратураға Рахат Әлиевтің баспасөздегі және интернеттегі жарияланымдарына да құқықтық баға беруді тапсырды.

Осы мәселеге қатысты бейсенбіде баспасөз мәслихаты өтеді.
XS
SM
MD
LG