Accessibility links

НАТО әуе күштері Триполиді бомбалады


НАТО әуе күштері бейсенбі күні Ливия астанасы Триполиді тағы да бомбалады.

Бұл жолы нысанаға ел басшысы Муаммар Каддафидің сарайы маңындағы ғимараттар алынды. Нақты қандай ғимараттар екендігі әзірге хабарланған жоқ.

Бейсенбі күні Триполиге Ресей президентінің арнайы өкілі Михаил Маргелов бармақшы.

Бұның алдында Бенгазиде көтерілісшілермен кездескен Маргелов енді Ливия билігімен бейбіт бітім жөнінде сөйлеспек.
XS
SM
MD
LG