Accessibility links

"ҚазАқпараттың" Алматы бюросы да ереуілге қосылды


"ҚазАқпарат" агенттігінің логосы.
"ҚазАқпарат" агенттігінің логосы.
"ҚазАқпарат" агенттігінің алматылық бюросындағы журналистер бүгін Астанадағы әріптестерінің наразылық шарасына қосылды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

"ҚазАқпарат" мемлекеттік ақпарат агенттігінің астаналық қызметкерлері кеше наразылық шарасын бастап, жалақыларының төленуін талап еткен болатын.

"Осы жылдың басынан бері мұндай қадамға үшінші рет барып отырмыз, себебі біздің компаниямызда жалақылар әрдайым кеш төленеді", - делінген мемлекеттік агенттік ұжымы таратқан мәлімдемеде.

"ҚазАқпарат" басшылығының мәліметінше, компания бюджетке 200 миллион теңгеден астам қаржы қарыз, қазір бұл мәселені сот қарап жатыр.
XS
SM
MD
LG