Accessibility links

Петреус Обамаға Ауғанстаннан әскер шығару жолдарын ұсынды


Америка президенті Барак Обама сәрсенбіде Ауғанстандағы Америка және НАТО күштері қолбасшысы генерал Дэвид Петреуспен кездесті. Онда шілде айына жоспарланған Ауғанстаннан әскер шығару мәселесі талқыланды.

Ақ үй өкілі Джей Карнидің айтуынша, Петреус әскер алып шығудың бірнеше жолын ұсынған.

Таяу арада Обама бұл турасында нақты қандай шешім қабылданғанын жариялайтын болады.

Обаманың әкімшілігі бұдан бұрын Ауғанстаннан біртіндеп әскер шығару әрекеті 2014 жылы аяқталатынын мәлімдеген болатын. Бірақ мұның бәрі ауған әскерінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілетіне байланысты шешілмекші.
XS
SM
MD
LG