Accessibility links

Қазақстан президенті Қырғызстанға сапарлайды


Нұрсұлтан Назарбаев. Aстана, 13 маусым 2011 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаев. Aстана, 13 маусым 2011 жыл.

Қазақстан президенті мен премьер-министрі Қырғызстанға сапарлайды.

Бұл турасында бейсенбіде өткен баспасөз мәслихатындв Қырғызстан президенті Роза Отынбаева айтты. Айтуынша, Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесіне отырысына қатыспақшы.

Тамыз айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Қырғызстанға сапарламақ. Сапар барысында Қырғызстан экономикасына инвестиция салу мәселесі қарастырылмақ.

"Қазақ инвесторларының Қырғызстанға инвестиция салуға мүдделі" дейді Отынбаева. Бірақ ол инвесторлардың Қырғызстандағы президент сайлауын күтетіндігін де айтты.
XS
SM
MD
LG