Accessibility links

Грек үкіметінде ауыс-түйіс басталды


Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреу тиімді экономикалық реформалар үшін қаржы министрін ауыстырды.

Грек теледидары жұма күні осылай деп хабарлады. Қаржы министрі болып бұрын қорғаныс министрі болған Эвангелос Венизелос тағайындалған. Венизелос социалистік партия төрағалығы үшін бұрын Папандреудің негізгі претенденті болған еді.

Папандреу кабинеті Грекия ұшыраған қаржы дағдарысына байланысты бюджет шығынын шұғыл қысқартады.

Премьер-министр таяу күндері парламент қарауына жаңа үкімет құрамын ұсынбақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG