Accessibility links

Қазақстанда "Республика" газетінің тілшісі соққыға жығылды


Жұма күні Павлодарда оппозициялық "Республика" газетінің тілшісі Александр Барановты беймәлім біреу сабап кетті дейді "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі жәбірленушінің сөзіне сілтеме жасап.

Журналистің айтуынша, жұма күні таңертең өзі тұратын үйдің алдында бейтаныс біреу жанына келіп, аты-жөнін сұраған. Содан кейін газет тілшісін бірнеше рет ұрып, телефонын алып кеткен.

Александр Баранов бұл оқиғаны өзінің кәсібімен байланыстырады. Қазір жергілікті полиция журналисті соққыға жыққан адамды іздеп жатыр.

А.Баранов 2005 жылы да үйінің жанында соққыға жығылып, ауруханада екі апта емделген, ол жолы айыптылар табылмаған дейді "Интерфакс-Қазақстан".
XS
SM
MD
LG