Accessibility links

АҚШ: "Әл-Қаиданың" басшысы бин Ладеннің жолын құшады


Адмирал Майк Мюллен.
Адмирал Майк Мюллен.
«Әл-Қаиданың» жаңа басшысы Айман аль-Завахири де биыл Пәкістанда өлтірілген Усама бин Ладеннің жолын құшады деп мәлімдеді АҚШ-тың әскери лауазымды тұлғасы адмирал Майк Мюллен. АҚШ «әл-Қаиданың» жаңа басшысын мойындамады, оны Усама бин Ладеннің "аянышты пародиясы" деп атады.

Бейсенбі, маусымның 16-сында "әл-Қаидаға" қатысы бар сайт Айман аль-Завахиридің бұл лаңкестік ұйымға басшы болып тағайындалғанын хабарланған еді.

Айман аль-Завахиридің қайда екені белгісіз, бірақ Пәкістан мен Ауғанстанның шекарасында жасырынып жүр деген болжам бар. АҚШ билігі оған қатысты кез-келген дерекке 25 миллион доллар сыйлық беретінін жариялады.
XS
SM
MD
LG