Accessibility links

АҚШ конгрессмені жанжалдан соң қызметінен кетті


АҚШ конгрессінің мүшесі Энтони Вейнер. Нью-Йорк, 6 маусым 2011 жыл.
АҚШ конгрессінің мүшесі Энтони Вейнер. Нью-Йорк, 6 маусым 2011 жыл.
АҚШ конгрессінің мүшесі Энтони Вейнер интернет арқылы әйелдерге жіберген көргенсіз суреттері мен хаттары жария болған соң қызметінен кететінін мәлімдеді.

Демократиялық партияның өкілі Энтони Вейнер маусымның 16-сы күні Бруклинде өткен баспасөз мәслихатында "қателіктері" үшін көршілерінен, сайлаушыларынан, әсіресе АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның көмекшісі қызметін атқаратын әйелінен кешірім сұрады.

Конгрессмен әуелі отставкаға кетпейтінін хабарлаған еді. АҚШ президенті Барак Обама Энтони Вейнердің орнында болса, қызметінен кететінін айтқан. АҚШ конгресінің Нью-Йорктегі өкілі де бұл жанжалдан соң Энтони Вейнердің конгресте жұмыс істеуі мүмкін емесін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG