Accessibility links

Стросс-Кан дипломатиялық иммунитетін талап етті


Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Кан. Нью-Йорк, 6 маусым 2011 жыл.
Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Кан. Нью-Йорк, 6 маусым 2011 жыл.
Халықаралық валюта қорының сотқа тартылған бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Кан өзінің дипломатиялық иммунитеті сақталуын талап етеді. Бұл мәлімет Стросс-Канның тұтқындалуына байланысты Нью-Йорк прокурорлары берген оқиғалар баянында айтылған.

Доминик Стросс-Кан тұтқындалған соң кісеннің қатты бататынын айтып, полицияға шағымданған дейді бұл құжат.

Биыл мамырдың 14-інде әйел адамға нәпсіқұмарлықпен күш көрсетіп, зорламақ болды деген айыппен тұтқындалған Доминик Стросс-Канның толық дипломатиялық иммунитеті жоқ. Халықаралық валюта қорының басшысы ретінде кәсіби қызметіне байланысты иммунитеті ғана болған.
XS
SM
MD
LG