Accessibility links

Вена соты Рахат Әлиевті қайтару туралы өтінішті орындамады


Рахат Әлиев - Венада. 2008 жыл.

Рахат Әлиев - Венада. 2008 жыл.

Бүгін Вена соты Қазақстанның Рахат Әлиевті «экстрадициялау туралы өтініші қанағаттандырылмағанын» хабарлады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы, Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевке «Нұрбанктің» топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті өлтірді деген айып тағылған еді.

Қазақстан президенті Назарбаев бейсенбі күні Венадан бұрынғы күйеу баласын қайтаруын талап етіп, «енді Австрия билігінің әділдік салтанат құруы үшін қылмыскерлерді бермеуге дәлелдері жоғын» айтқан.

Рахат Әлиев маусымның 16-сында жеке блогында өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Бұл қылмыстық істі ол «қарсыласты қағып тастаудағы жасанды іс» және «асығыс арандату» деп атады. Ол топ-менеджерлердің өліміне еш қатысы жоғын айтады.
XS
SM
MD
LG