Accessibility links

Қырғыз парламенті «Фергана.ру» сайтына тосқауыл қоймақ


«Фергана.ру» (www.fergananews.com) сайты7
«Фергана.ру» (www.fergananews.com) сайты7
Қырғызстанның Жогорку Кеңеші «Фергана.ру» (www.fergananews.com) сайтына .kg зонасында тосқауыл қою жөнінде Бас прокуратураға тапсырма берді. Бұл шешім Қырғызстанның оңтүстігіндегі 2010 жылғы маусым оқиғасы бойынша құрылған депутаттық комиссия ұйғарымымен қабылданғаны айтылады.

«Фергана.ру» сайты Қырғызстанды қаралауды негізгі мақсат етіп, ұлт аралық араздықты қоздырып отыр» дейді қырғыз парламенті.

«Шекарасыз тілшілер» құқық қорғау ұйымы бұл шешімге байланысты алаңдаушылық білдірді. «Сөз бостандығын бұзу – аймақтағы парламенттік демократия үлгісі болуға талпынған Қырғызстанға тіптен лайық емес» дейді құқық қорғау ұйымы.
XS
SM
MD
LG