Accessibility links

Клинтон Сирия жетекшісін сынады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның пікірінше, президент Башар әл-Ассад режимінің оппозицияны басып-жаншуы Сирияда өзгерісті талап етушілерді тоқтатпайды.

Бұл туралы сенбі күні араб тіліндегі "Ашарқ әл-Аусат" басылымы хабарлады. "Сирияда артқа жол жоқ" деп аталатын мақаланың ағылшын тіліндегі нұсқасын мемлекеттік департамент жариялады. Онда Клинтон "жалғасып жатқан қатыгездік Сириядағы өзгерісті кешіктіруі мүмкін бірақ оны мүлдем жойып тастай алмайды" деген пікірін білдірген.

Хиллари Клинтонның жазуынша, Ассадтың әрекеттері оның реформашыл емес екендігін көрсеткен. АҚШ мемлекеттік хатшысы Сирия жетекшісін Ирандағы репрессиялардан үлгі алды деп сынады.
XS
SM
MD
LG