Accessibility links

Ауған жетекшісі АҚШ талибанмен байланыс құрып жатыр деді


Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың айтуынша, Құрама Штаттар Ауғанстандағы 10 жылға тақаған соғысты бейбіт аяқтау мүмкіндігіне байланысты талибанмен байланыс құрып жатыр.

Вашингтоннан Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Кэтлин Хэйден Американың талибанмен қандайда бір байланысы бар екеніне тоқталмай, АҚШ Ауғанстандағы бейбіт келіссөздерді қолдайды деді.

Карзайдың мәлімдемесі әскери киім киінген үш жанкешті полиция мекемесіне шабуылдап кемінде 9 адамды өлтірген оқиға тұсында айтылды.
XS
SM
MD
LG